Е.Тоғжанов: Қазақстанда диаспора сөзін қолдануға қарсымын - ҚХА|27 Ақпан 2015, 19:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Е.Тоғжанов: Қазақстанда диаспора сөзін қолдануға қарсымын

Астана. 27 ақпан. Baq.kz – Бүгін өткен «Dialogue room: Astana-Ankara» қазақ-түрік медиаконференциясында ҚР Президенті әкімшілігінң Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда диаспора сөзін қолдануға қарсы екендігін жеткізді.

- Әрдайым келісімді іздестіру, бөлінгенге қарсы болу қажет. Егер біз толеранттылықтың аудармасын шыдамдылық деп аударатын болсақ, біз Қазақстанда оны олай қабылдамаймыз. Ол ұғымға сыйластық, татулық, түсіну ұғымында қарастырамыз. Бұл жерде мәселе сөздің атында емес. Мәні мен мағынасында. Мен өзімнің бір баяндамамда айтқан едім егер толеранттылықты шыдамдылық деп аударатын болсақ біз неге шыдауымыз қажет? Біз ешкімді шыдамдылыққа шақырмаймыз. Көпэтникалық Қазақстанда біз өзара сыйластықта, бір-бірімізге көмек беруге шақырамыз. OSCE-нің аз ұлттар бойынша бас комиссары біздің қашан аз ұлттар бойынша институт құратындығымызды сұраған болатын. Мен оған Қазақстанда аз ұлттар бойынша институт болмайтындығын айттым. Өйткені біз оны шектейтін сызық ретінде көреміз. Егер біз оларды аз ұлттар десек, онда біздің елде салыстырмалы түрде үлкен, орташа деген ұлттардың топтары барын білдіреді. Яғни елімізде өмір сүріп жатқан 130 этносты санына байланысты бөліп тастауға мәжбүр боламыз. Біздің елдің азаматтары Конституциялық заң бойынша тең, - деді Е.Лұқпанұлы.

Өзінің Қазақстанда диаспора сөзін қолдануға қарсы екендігін айтқан ол:
- Өйткені шетелде тұратын қазақтар Қазақстанға диаспора болады. Ал Қазақстанда тұратын орыстар Ресейге, украиндықтар Украинаға диаспора. Бірақ олар Қазақстанға диаспора емес. Олар Қазақстанның азаматы, - деп сөзін түйіндеді.

 

А.РАКИШЕВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер