BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Е.Тоғжанов Фазле Хусейн Бадшамен кездесті

 Астана. 2 шілде. Baq.kz - Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ҚХА залында Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Бангладеш Халық Республикасының Парламент мүшесі Фазле Хусейн Бадша бастаған өкілдерімен кездесуі болып өтті.

 Кездесуде Қазақстан тарапынан Орталық Азия оңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Садуақасова, республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов қатысты.

Кездесу барысында Бангладеш Халық Республикасынан келген қонақтарға қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі таныстырылды. Е.Тоғжанов Фазле Хусейн Бадшаны ҚХА-ның құрылу тарихы, конституциялық мәртебесі, міндеттері мен жүргізіп отырған жұмысы туралы, Ассамблеядан сайланған депутаттардың жұмысы, оның халықаралық ынтымақтастығы туралы хабардар етті.

Фазле Хусейн Бадша Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы жүргізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын жоғары бағалады.

Тараптар сондай-ақ мемлекеттік этносаясат саласындағы екі жақты қатынастарды бұдан әрі дамыту мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Кездесу барысында қонақтарға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу Бангладеш Халық Республикасы делегациясының 2015 жылғы 1-3 шілдеде Астанада өтіп жатқан «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе» халықаралық форумына қатысуы шеңберінде өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер