Е.Айтав: Түркия ҚХА сынды бір институт қалыптастырса - ҚХА|27 Ақпан 2015, 18:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Е.Айтав: Түркия ҚХА сынды бір институт қалыптастырса

Астана. 27 ақпан. Baq.kz – Бүгін өткен «Dialogue room: Astana-Ankara» қазақ-түрік медиаконференциясында түркиялық «Бүгін ТВ» ток-шоуының жүргізушісі Еркам Туфан Айтав толеранттылық, ҚХА туралы ойын білдірді.

- Мен толеранттылық деген ұғымға қарсы шыққым келеді. Толеранттылық деген батыстан шыққан ұғым. Біз бұны Түркияда бір-бірімізге деген түсіністік ретінде қарастырамыз. Ал толеранттылық деген үлкеннің кішіге, қателеспейтіннің қателіктерді көп жасайтындардың арасындағы бір қатынас. Толеранттылық деген жоғарыдан төменге қарайтын тәкәппар ұстанымды білдіреді. Ал қоғамдағы толеранттылық топтардың бір-біріне түсіністік мәдениеті, тараптардың тең дәрежеде, тең деңгейде бір-бірімен келісімге, бітімге келуін айқындайды. Ол батыстық құндылықтардан емес, біздің құндылықтарымыздан бастау алған ұғым. Сондықтан мен толеранттылық деген батыстық ұғымды онша құптамаймын, - деді Еркам Туфан Айтав.

Бірге бірігіп өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселесінде Қазақстан Түркиядан әлде қайда алға озып кеткендігін айтқан ол:
- Өйткені Қазақстан Қазақстан халқы ассамблеясы сынды маңызды институтты қалыптастыра білген. Түркияда мұндай бір институт жоқ. Әттен, біз осындай бір институтты қалыптастыра білсек. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін ештеме жасамаған болса, тек қана осы халықтар ассамблеясын құрған болса, ол осы әрекетімен-ақ тарихта қалар еді. Халықтар ассамблеясы өте маңызды бір институт болып саналады. Біз қазір толеранттылықты бірге өмір сүру мәдениетін қалыптастыру деп айтамыз. Бұл тұрғыдан Қазақстан Еуропадан да алға озып кеткен деп айтуға болады. Өйткені Еуропада бұл мәселені қалыптастыруда қиындықтары бар. Мәселен Азиядан африкадан келген адамдармен қоғамда қалай бірге өмір сүру мәдениетін құалыптастырамыз, басқалардың құндылықтарына қалай құрметпен қараймыз дегендей. Яғни бұл мәселеде Еуропада саяси әралуандылық және бірге өмір сүру мәдениетін қалыптастыруда олардың өзіндік қиындықтары бар. Бірақ осы тұрғыда Қазақстанның тәжірибесі өзіндік бір ерекшелігі бар айрықша бір жүйе, - деп атап өтті.

 

А.РАКИШЕВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер