BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Достықты дәріптеген жиын өтті

Астана. BAQ.kz – Бүгін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры ортақ – Мәңгілік ел» тақырыбында XXI сессиясы өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Сессия жұмысына 600-ге тарта адам қатысты. Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді бекемдеуге лайықты үлес қосқаны үшін сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Мерекелік медаль алғандар қатарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та бар. Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель табыстады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жиынға қатысушыларға фотокөрмелер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылып, фильм көрсетілді.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай өзі басшылық жасап отырған аталмыш институттың жұмысына тоқталып, көлемді баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыс Ассамблеясының аймақтық даму тұжырымдамасы, әлеуметтік жобалар мен байқаулар туралы әңгімеледі.
Мұнан соң І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры, ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Ә.Бектұрғанов, қоғам қайраткері Н.Лушникова, Талдықорған политехникалық колледжінің кафедра меңгерушісі И.Скромный және түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғамдық келісім, татулық пен бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов:
- Бүгінгі сессия барысында сөйлеушілердің пікірі бір арнаға тоғысуы бекер емес, біздің тілегіміз де, ойымыз да, алдағы мақсатымыз да бір. Ол Тәуелсіздігімізді мәңгілік ету, уақыт озған сайын нығайта түсу.
Бізді алда жасампаз істер, ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Елімізде жүзеге асып жатқан оң өзгерістер жарқын болашаққа деген сенімді ұштай түседі.


Сан ұрпақ өкілдері мен миллиондаған Отандастарымыз қалыптастырған баға жетпес байлығымызды сақтап қалу үшін, Елбасымыз бес институттық реформаны жүзеге асыруды ұсынды. «Дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену – біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры» - деп, қоғам алдына ел болашағы үшін маңызды міндеттерді жүктеді. Ендігі мақсат - Елбасы ұсынған 100 (жүз) нақты қадам мемлекетімізді нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасауға бір кісідей жұмыла атсалысу, - деді өз сөзінде.
Бұдан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының шешімі және қатысушылардың Үндеуі қабылданды.
Жиын соңы шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласты.

 

Дана Сағынбек
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер