Достық, татулық, бірлік - бұл елдің байлығы - ҚХА|09 Ақпан 2015, 09:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Достық, татулық, бірлік - бұл елдің байлығы

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Қызылордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері 2015 жыл Ассамблея жылы болып жариялануы қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайта түсетіндігіне сенімді. 

Ашур Хамидов, Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
- Елбасы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы болып жарияланып, бұл жыл тәуелсiздiк, еркiндiк, бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiмге арналып отыр. 2015 жыл Ассамблея жылы болып жариялануы бірлігіміз бен ынтымағымызды одан әрі нығайта түседі деп сенемін. Өйткені, еліміздегі бейбітшілік пен этносаралық келісім - Ұлт Көшбасшының сындарлы саясатының нәрлі жемісі деп бағалаймыз. Достық, татулық, бірлік - бұл елдің байлығы. Осы құндылықтарды сақтап, әрі қарай күшейте түсу - біздің ең басты мақсатымыз. Елбасы жанынан табылып, барша отандастарымды «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға шақырамын. Қазақстан халқы ассамблеясының жылы құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер