Депутаттар Елбасыдан ҚХА Кеңесінің бастамасын қолдауды сұрап үндеу жолдады - ҚХА|18 Ақпан 2015, 11:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутаттар Елбасыдан ҚХА Кеңесінің бастамасын қолдауды сұрап үндеу жолдады

Астана. 18-ақпан. Baq.kz - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын талқылап, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

 

Депутаттардан кейін сөз алған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов: «Мен сөз сөйлеген депутаттардың пікірлерін қолдаймын.

Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле демекші, әлемдегі бүгінгі аумалы-төкпелі заманда баршамыз тізе қосып, тілек ұластырып, мүдде тоғыстырып Қазақстанды мәңгілік елге айналдыру үшін аса маңызды осы саяси іс-шараны бірге атқарысайық! Бұл сайлауды халық сұрап отыр. Халықтан асқан дана жоқ»,-деді.

Одан әрі Мәжіліс Спикері бұл бастаманың шын мәнінде уақыт талабынан туғанын, қазіргі халықаралық жағдайда өте өзекті шешім екенін сөз ете келіп, Үндеудің толық мәтінін жария етті.

Онда Жалпыхалықтық бастаманы депутаттық корпустың қолдап отырғаны, бүкіл қоғамның күш-жігері әлемдік дағдарыстың қауіп-қатерлерін Отанымызды дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларына айналдыру ісіне бағытталу керектігі айтылды.

Сондай-ақ, ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу оның уақыты жөнінен кезекті парламент сайлауымен тұспа-тұс келуін болдырмауға мүмкіндік береді. Сол арқылы сайлау науқандарының сапасы мен ішкі саяси тұрақтылығы қамтамасыз етеді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер