Даниал Ахметов: Этносаралық келісім – экономикалық тұрақтылықтың кепілі - ҚХА|14 Қаңтар 2015, 18:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Даниал Ахметов: Этносаралық келісім – экономикалық тұрақтылықтың кепілі

 АСТАНА. 14 қаңтар. BAQ.KZ – ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында этносаралық бірлестіктердің мүшелері өткен жылы аймақтағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылық аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

 Шараға облыстағы этномәдени бірлестіктер мен ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Достық үйлерінің директорлары, облыстық басқарма жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.
ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев мәлімдегендей, этносаралық келісімді сақтау жобаларының бастамашысына айналған Шығыс Қазақстанда өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылған. «Облыста мәдени даму, этносаралық келісім мен халықаралық байланыстарды нығайтуда біршама істер тындырылды. 2014 жылы Республика мен облыстың 113 елді мекенінде 200 мың адамның қатысуымен 137 шара ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі түрде әртүрлі шаралар өткізілуде. Аталмыш салада ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы Өскемен мен Семей қалаларының ЖОО профессорлік-тәлімгерлік құрамымен белсенді жұмыс жүргізіп келеді», – деді Е. Аязбаев.
ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы Люция Абдуллинаның айтуынша, аймақта өтіп жатқан шаралардың барлығы бейбітшілік пен келісімді насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, этносаралық келісімді нығайту жұмыстарында аймақтағы жастардың белсенділігі артқан.
Жиында айтылған бірлестік басшыларының ұсыныстары келешекте қаралатынын айта келе, облыс әкімі этносаралық келісімнің маңызына тоқталды. «Тәуелсіздік алғалы бері бірқатар посткеңестік елдердегі ұлтаралық қақтығыстардың кеселінен қарапайым халық жапа шегуде. Біз ең алдымен жан-жақты дамудың, өркендеудің негізі – бейбітшілікте екенін естен шығармауымыз керек. Этносаралық келісім – экономикалық тұрақтылықтың кепілі, Елбасымыздың сарабдал саясатының бір бөлшегі. Демек, біз осы ұғым аясында еңбек етуді жалғастыруымыз керек», – деді Д. Ахметов.
Жиын соңында ҚХА мүшесі Владимир Акулов пен ««Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы» этномәдени бірлестігін34ң төрағасы Ринат Хамитов, ҚХА депутаттық тобынан Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты Вячеслав Харченко «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Алексей Алексеенко мен белорусь этномәдени бірлестігінің төрағасы Галина Жампеисоваға Қазақстан халықтар Ассамблеясының алғыс хаты табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер