Біз мәңгілік ел болу үшін күресуіміз керек – А.Идигов - ҚХА|07 Ақпан 2015, 13:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біз мәңгілік ел болу үшін күресуіміз керек – А.Идигов

Астана. 7 ақпан. Baq.kz – Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы ассамблеясы жылының ресми түрде ашылу салатанатына қатысқан алматылық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов отандастарымызбен біріге отырып, мәңгілік ел болу үшін күресуіміз керек екендігін айтып, пікір білдірді. 

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел» болу идеясын өткен жылғы Жолдауында айтқаны белгілі. Біз Президент айтқан мәңгілік ел ұғымын ұлт ретінде өз ауызбіршілігімізбен, татулығымызбен, ұйымшылдығымызбен кепілдендіру керекпіз. Ал, ол үшін не істеуіміз керек? Әрине, бұл жерде әрбір істі еліміздің әр азаматы өз қолымен жүзеге асыруы керек. Біз оны сөзбен ғана емес, ісімізбен өз еліміздің патриоты екенімізді білдіргеніміз абзал. Яғни, Отан алдындағы парызымызға адал болып, ұлт пен ұлысқа қарамай өте бауырмал, мейірімді болғанымыз жөн. Ақ адал еңбегімізбен отбасымызды асырап, балаларымызды тәрбиелеп, елге, жерге, туған Отанымызға аянбай қызмет етуіміз қажет. Егер қажет болса, өз ұрпағымыздың баянды ғұмыр кешуі үшін өзімізді құрбан етеуге де әзір болғанымыз лазым. Міне, осылайша біз бейбіт заман мен тату тіршілігіміздің қалпын бұзбай ұрпақтан-ұрпаққа қаз-қалпында жеткізіп отырсақ, міне, осы – Мәңгілік ел ұғымының із жүзіндегі айқын көрінісі. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер