Биылғы ауқымды іс-шараларға ерікті жастар тобы қатысатын болады - ҚХА|10 Ақпан 2015, 16:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биылғы ауқымды іс-шараларға ерікті жастар тобы қатысатын болады

 Астана. 10 ақпан. Baq.kz – Биылғы жылы елімізде ауқымды бірнеше мерекелік шаралар өтеді. Алғашқысы басталып та кетті. Осынау шараларға жастар арасынан еріктілер тобы жұмыс істейін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты Заңы туралы» өткен брифингте ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі 6 ақпан күні барлық жерлерде синхронды акция өтті. Бұл акция Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Егер, теледидардан көрген болсаңыздар, көбісі сол жерде қатысқандардың дені жастар болып табылады. Әрбір жоғары оқу орындарында осындай еріктілер тобының мүшелері бар. Олар осындай шараларға белсенді түрде араласады. Республикалық деңгейде еріктілер тобы құрылған. Бұл топтың 13 өңірде арнайы филиалдары жұмыс істейді, – дейді Т. Балықбаев.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын, олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қол жетімдігін қамтамасыз етуге, жастар саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін жоғарылатуға бағытталған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өтті . Брифингке ҚР Парламенті сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев, ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, Қазақстан Азаматтық альянсы жастар саясаты жөніндегі салалық комитетінің төрағасы Сергей Белый, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Жанар Боқанова, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Вера Ким қатысты.



 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер