BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бангладештің Қазақстан жолына түсуін қалаймыз – Фазл Хұсейн Бадша

 Астана. 2 шілде. BAQ.kz – Бүгін Астанада АӨСШК ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері бас қосты. Халықаралық форум Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісі тәжірибесін жиынға өзек етті.

 Форум Орталық Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерделеу арқылы өзге елдермен тәжірибе алмасуды мақсат етеді.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен отандық және шетелдік ғалымдар, парламент депуттары, АӨСШК Қазақстандағы дипломатиялық өкілдері қатысуда. Олардың қатарында Бангладеш парламентінің мүшесі Фазл Хұсейн Бадша және Лондондағы Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының директоры Сидхарт Саксена да бар.

- Бангладеш түрлi мәдениетке бай елдердің қатарында және ел тұрғындары ежелден берi осы аумақта өмiр сүрiп жатқан халық. Біз Қазақстанның мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен танысу үшін Бангладештен арнайы келіп отырмыз. Біздің елде де түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Бізге Қазақстанның татулығы мен бірлігі, өзге елдермен қарым-қатынас жасауы өте қатты ұнады. Бангладештің Қазақстан секілді бірлігі жарасқан ел болуын, халқымыздың қазақстандықтар секілді болуын қалаймыз» дейді Бангладеш Республикасының парламентінің мүшесі Фазл Хұсейн Бадша.

Айта кетейік, форум барысында мәдениетаралық ынтымақтастық, АӨСШК елдерiнiң тарихи мұрасы, АӨСШК аясындағы тұрақтылық пен өркендеу, этномәдени бiрлестiктердiң ғылыми әлеуетi, mass-media-дағы этномәдениет пен толеранттылық тақырыптарында ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар және панельдiк пiкiр алмасулар өттi.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер