Бақытжан Ертаев ҚХА кеңесінің ұсынысына қатысты пікірін білдірді - ҚХА|17 Ақпан 2015, 15:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бақытжан Ертаев ҚХА кеңесінің ұсынысына қатысты пікірін білдірді

 АСТАНА. 17 ақпан. BAQ.KZ – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті мəжілісі депутаты, Республикалық «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігін төрағасы Бақытжан Ертаев үндеу жариялады.

 - Біз Қазақстанның Қарулы Күштер ардагерлері 14 ақпан күні жарияланған ҚХА кеңесінің алдын ала Президент сайлауын өткізуге қатысты ұсынысын қолдаймыз. Ардагерлер ұйымы қашан да елдегі орын алып жатқан маңызды шараларға алғашқылардың бірі болып үн қатады. Біз Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді сан рет дәлелдеген тұлғалармыз. Біз сөзбен де, жұмыспен де елдегі бейбітшілік пен тыныштыққа қызмет етіп келеміз. Бүгін Қазақстан жауапкершілігі үлкен жолда тұр. Көптеген тапсырмалар бүгінгі күні орындалған, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ құрылды, мемлекет дағдарысқа қарсы үлкен бағдарламаны жүзеге асырылуда, Қазақстан тұрақтылық пен халықтардың бірлігінің орталығына айналды. Сайлау деген демократиялық қоғамның көрінісі. Сондықтан əрбір азаматтың сайлауға қатысуы біздің болашағымыздың қандай болатындығына əсер етеді. Сондықтан біз барлық азаматтарды Елбасы алдағы саяси бағдарын анықтауы үшін алдын ала сайлау өткізуді қолдауын сұраймыз, - деп үндеудің мазмұнынмен бөлісті.

 

Айнұр РАКИШЕВА 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер