BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада суретші жастардың көрмесі өтті (ФОТО)

Астана. 12 маусым. Baq.kz – ҚХА-ның 20 жыл мерейтойына орай Астанадағы Ресей мәдени орталығында «Жастардың шығармашылық серпілісі» атты сурет және мүсін көрмесі өтті.

Көрмеде қолөнер шеберлерінің түрлі жанрда салынған суреттері мен мүсіндері қойылған. Әрбір суреттің өзіндік ерекшілігі бар. Бірі ұлттық нақышта салынған ою-өрнекпен бейнеленсе, басқа суреттер Отанға деген құрмет және түрлі абстрациялық нақышта салынған суреттерді көруге болады.

«Бұл көрменің жастарға берер тәрбиесі өте көп. Көрмеде қойылған әрбір суреттің өзіндік ерекше стилі бар. Мұндай бауйқаудың өтілуі келешекте осы саланы ары қарай дамытуға серпін береді. Сурет өнері барлық өнер ішіндегі ең күрделісі. Сондықтан осы саланы жақсы меңгеру үшін адамға ең бастысы күш пен сабырлық қажет. Бұл көрмеде қойылған барлық картина шет елдік қолөнер шеберлерінің туындыларынан кем емес. Әрбір суретке мұқият қарайтын болсаңыз, ерекше әсерге бөленуге болады. Осындағы қолөнер шеберлеріне тілерім болашақта Қазақстанның атын шығаратын атақты суретшілер қатарынан көріне берсін» дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі - суретшілер одағының мүшесі Мажіт Садықұлы.

Көрмеге туындыларын алып келген суретшілердің бірі Динара Тастанбекова. Ол негізінен Африка құрлығының аруларын қағаз бетіне түсіруге әуес.

«Суретті бала кезімнен бері салып келемін. Ерекше бір стилім жоқ, жүрегім нені қалайды соны салуға тырысамын. Бұл көрмеге мен екі туындымды алып келдім. Олар африкалық арулардың портреті. Қара нәсілді қыздарды ұнатамын, олардың бет кескіні, көздері өте әдемі келеді» деді Д.Тастанбекова.

Айта кетейік, көрмеге жас суретшілер бірлестігі, Астана қалалаық суретшілер одағы өкілдерінің картиналары қойылды. Атап айтқанда, Риза Тәжиева, Ғабит Серғазиев, Әлия Есілбаева, Алмас Манкеева, Динара Тастанбекова сынды қылқалам шеберлерінің туындылары жоғары бағаланып, ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болды.

Дана Сағынбекқызы
Фото: Ғабит Мадалиев

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер