BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Сабантой» ұлттық мейрамы өтеді

Астана. 25 маусым. BAQ.kz - 27 маусымда Астанада «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі дәстүрлі «Сабантой» ұлттық мейрамын ұйымдастырады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған көңілді мереке қала күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Жастар» сарайының жазғы алаңында өтеді.

Жыл сайын өткізілетін ұлттық мереке ертеден түркі халықтарының маңызды іс-шарасы ретінде күнтізбеге енгізілген. Бүгінде ол көктемгі егістің аяқталуының бастапқы мағынасымен қоса, халықтарымыздың бай мәдениетін, туған тілін, кеңпейілділігі мен қонақжайлылығын сақтауға деген ниетінің де символы.

Бұл мереке қаламыздағы әр түрлі ұлт пен дін өкілдерінің басын қосуға сеп болады. Сабантой әр адамға өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдіріп, еңбегі арқылы жанұясы мен еліне береке сыйлай алатын, жерлестері, жақындары, достарымен жылы қарым-қатынас сақтай алатын адамдардың мерекесі. Бұл мейрамда ақсақалдардың даналығына, жастардың күшіне құрмет көрсетіледі. Шара барысында меймандар түрлі байқаулар мен халықтық ойындарға қатысады, татар-башқұрт ұлттық тағамдарынан дәм татып, «Корәш» деп аталатын ұлттық күрес сайысында ең мықты батырларды тамашалайды, уақыттарын өте көңілді өткізеді.

Айта кетейік, «Сабантой» мерекесі Астана қаласының әкімдігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, РФ елшілігінің, Татарстан Республикасының ҚР уәкілетті өкілі және Башқұртстанның Қазақстандағы сауда өкілдігінің қолдауымен өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер