BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада репрессияға ұшыраған поляк ұлтының тағдыры туралы көрме ашылды (ФОТО)

 Астана. 15 маусым. Baq.kz – Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Қазақстандағы Польша елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстандағы поляк дипломаттары. 1941-1943 жж» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Конференцияда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазіргі Қазақстан аумағындағы поляк өкілдік делегатурасының қызметі мен тарихи тағдырларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Белгілі болғандай, Қазақ КСР-де 1941-1942 жылдары Польша елшілігінің тоғыз делегатурасы құрылған. Олар Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей қалаларында орналасты.

«Республикамызға поляктардың депортациялануына қатысты мәселелер бүгінгі уақытқа дейін тарих ғылымында аз зерттелген аспект болып табылады. Павлодар облысы – этномәдени орталықтың ордасы. Қазіргі кезде облыста алты мыңнан астам өзге ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Солардың ішінде бес жүзі поляктар. Сталиндік қуғын сүргін кезінде әділетсіз сотталған поляктар еліміз егемендік алғаннан кейін толық ақталып, реабилитацияланған еді. Архивтегі мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысында 10 мыңға жуық поляктар жер аударып келген екен. Ал, олардың тек үш мыңға жуығы ғана еңбекке жарамды болса, қалған жеті мыңға жуығы балалар мен әйелдердің санын құраған» деді Павлодар облысының ҚХА-ның мүшесі Сәуле Насырқызы.
Сонымен қатар конференцияда «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында құрылған деректі көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме материалдары Краковтағы Педагогикалық университеттің депортация және қоныс аудару құжаттамасы орталығының       А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкийдің поляк халқы туралы тың деректері жайында мәліметтері қойылған. Сондай-ақ, көрмеде С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Надежда Степаненконың ғылыми ізденістерін көруге болады.

Айта кетейік, көрмеге келушілер 1942 жылы жалған айыптармен тұтқындалған және репрессияға ұшыраған дипломаттардың тағдыры туралы тарихи құжаттармен таныса алады. ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде ашылған бұл көрме 19 маусымға дейін жалғасады.

 

Дана Сағынбек, ФОТО: Ғабит Мадалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер