BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Қырғызстан суретшілерінің «POSTTOTAL» көрмесі ашылды (ФОТО)

 Астана. 26 маусым. Baq.kz – ҚР Ұлттық мұражайында «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасының аясында Қырғызстан бейнелеу өнерінің «POSTTOTAL» көрмесі ашылды.

 Посткеңестік және посттоталитарлық визуалдық мәдениет мұражайын құру жобасының бір бөлігі болып табылатын бұл көрмеде Қырғыз Республикасының 1991-2015 жылдар аралығында көркемөнер саласындағы ең үздік жұмыстары ұсынылды.

«Біз Қазақстанға 42 суретшінің көркемсурет, графика, инсталляция және фотография жанрларындағы 100-ге жуық туындысын ұсынып отырмыз. Көрмеге Қырғызтанның 1991жылдан бері осы уақытқа дейінгі жылдар аралығында көркемөнер саласындағы ең үздік жұмыстарын алып келдік. Біздің – мақсат еліміздің мәдениетін, өнерін қазақстандықтарға таныстыру, тәуелсіз Қырғыз Республиксының тарихын сурет арқылы жан-жақты көрсете білу. Бұл жерден әр келушінің өз талғамына сай жұмыстарды табатынына сенімдімін. Заманауи үлгіде салынған әр сурет көрермендерге ұнайтыны сөзсіз» дейді Қырғызстан суретшілер одағының референті Гамал Боқонбаев.

Көрме жергілікті тақырыптардан бөлек посткеңістік елдердегі геосаяси оқиғалармен байланысты ғаламдық құндылықтарды да көрсетеді. Музейде алғашқы рет өтіліп отырған бұл көрме көп ұлтты мемлекет бола тұра, бірлігіміз, достық қарым-қатынасымыз жарасқан ел екенін тағы да бір дәлелдегендей.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қазақ даналығы айтқандай, бірлігі мен татулығы жарасқан көпұлтты тәуелсіз елімізде береке мен шаттыққа, ашық аспан аясында мекендеген әр азаматтың татулыққа деген көзқарасы жылдан жылға нығаю үстінде. Бүгінгі таңда мекендеген халықтардың ынтымағы мен бірлігі елдің басты байлығы, қасиетті қазынасы болып саналады.

«Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасының аясында өтікізліп отырған бұл көрме бірлігіміз бен достығымыздың баянды екеніне тағы да бір көз жетікізіп отыр. Ұлттық музейімізде ашылғалы отырған бұл көрменің өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі орасан зор. Біз қырғыз халқымен мәңгі туысқан екенімізді тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ, іс жүзінде де дәлелдеу керекпіз. Өнер саласында біз бір-біріміздің өнерімізді танытсақ, біздің елдің бірлігі бұрынғыдан да жақындаса түседі деген сөз» дейді Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.

Айта кетейік, «POSTTOTAL» көрмесі келушілер үшін 28 тамызға дейін жұмыс істейді.


Дана Сағынбек
Фото: Ғабит Мадалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер