Ассамблея жылында Ақмола өңірінде сан түрлі шаралар өткізілмек - ҚХА|12 Ақпан 2015, 17:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ассамблея жылында Ақмола өңірінде сан түрлі шаралар өткізілмек

Астана. 12 ақпан. Baq.kz – Ақмола ассамблеясы жастар қанатының бастамасы бойынша алдағы уақытта Достық фестивалін, «Бірге өмір сүру» төзімділік және отбасылық құндылықтар облыстық форумы, «Біздің күшіміз - бірлікте» жастар патриоттық фестивалі, «Қазақстан – менің Отаным» таныстыру экскурсиясын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облысында өткен көшпелі отырысында аймақ әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Нұрлан Нұркенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 

- Ақмола өңірінде жыл бойы әртүрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша облыстық конкурс, қазақ әндерін орындаушылар арасында «Қазақша караоке» музыкалық конкурсы өткізуді жоспарлап отырмыз, - деген Нұрлан Жаңбыршыұлы іске асырылатын шаралар легі мұнымен бітпейтіндігін мәлімдеді.

- Біз сонымен қатар, «Ең үздік этномәдени бірлестік төрағасы», «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің ең үздік оқытушысы», «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы балалар мен жастар ұйымының ең үздік үйлестірушісі», журналистер арасында этносаралық келісім мәселелерін ең үздік жариялау байқауларын өткізуді жоспарлаудамыз. Барлық жерлерде этнофестивальдер мен этномәдени орталықтардың мәдени күндері, мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады, - деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, аймақта сонымен қатар, «Игі іске асығыңыз!», «Сенің бір тамшы қаныңда - біреудің өмірі» секілді өзге де экологиялық және донорлық іс-шалар өткізу жоспарланып отыр екен.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер