Ассамблея жылы – отандастарымыздың ортақ мерекесі – Елбасы - ҚХА|06 Ақпан 2015, 15:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ассамблея жылы – отандастарымыздың ортақ мерекесі – Елбасы

Астана. 6 ақпан. Baq.kz – Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы рәсімінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті - ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.
 

"Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жаапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – қазақстан болашағының негізі. Ассамблея жылы «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік. Ассамблея жылы – Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Бұл жыл тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан ассамблея жылының басты идеясы – «Менің елім – Мәңгілік ел!». Мен барлық қазақстандықтарды ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын! Егемендік, бірлк және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз, тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы!

20 жыл ішінде ҚХА шын мәнінде жалпыхалықтық, азаматтық, саясатүсті орган болып қалыптасты, Конституциялық дәрежеге жетті", - делінген құттықтауда.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер