Ассамблея жылы – мамыражай тіршіліктің кепілі - ҚХА|08 Ақпан 2015, 12:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ассамблея жылы – мамыражай тіршіліктің кепілі

Астана. 8 ақпан. Baq.kz – Астана қаласындағы Шейх Кунта Қажы атындағы мешіттің бас имамы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Яхия қажы Исмаилов Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясы жылының ресми түрде ашылуын жоғары бағалайтындығын айта келе, мұндай шаралар еліміздегі ұлттар арасындағы өзара түсінушілікті дамытып, мамыражай тіршіліктің кепілі бола алатындығына сенім білдіретіндігін жеткізді. 

- Ассамблеяның жиырма жылдығы республика көлемінде үлкен мейрам ретінде атап өтіліп жатыр. Мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының нәтижесі ретінде бағалау керек деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ата-бабамыз аңсап, армандап кеткен қасиетті Тәуелсіздігімізді тұрғырлы етудің негізін біртіндеп қалап, асықпай ақырындап, қоғам арасындағы бейбітшілікті нығайта түсті. Міне, біз бүгінгі таңда елдігіміз бен бірлігімізді, мамыражай тірлішігімізді өзгеге үлгі, ұрпаққа өнеге ретінде тарих беттеріне жазуды бастап жатырмыз. Сондықтан да, біз Аллаға мың да бір шүкіршілігімізді айта отырып, патшамызға зор алғысымызды білдіреміз. Қиын-қыстау нәубетті жылдарда біздің ата-бабаларымызға қол ұшын созып, көмектескені үшін де кейінгі толқын біздер қазақ ұлтына зор алғысымызды айтқымыз келеді, - дейді Яхия қажы Абдуллаұлы.

Оның айтуынша, сан жылдардан бері ғұмыр кешіп жатқан Қазақстандағы шешен ұлтының өкілдері секілді, өзге ұлттар да осы жыл аясында өздерінің салт-дәстүрлерін дәріптеп, рухани құндылықтарын кеңірек насихаттауға зор мүмкіндіктер алатын көрінеді.

- Бұл этникалық топтар мен ұлттар арасындағы өзара түсінушілік пен мамыражай тіршіліктің кепілі болатындығына бек сенімдімін, - дейді бас имам. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер