Әрбір жетістігіміз біздің бірлігімізге байланысты - ҚХА|07 Ақпан 2015, 19:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әрбір жетістігіміз біздің бірлігімізге байланысты

Астана. 7 ақпан. Baq.kz – 6 ақпан Қазақстанда Қазақстан халқы ассамблеясы жылының ресми ашылу рәсімі өтті. Ал бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде Ассамблея жылын атап өтуге қатысты түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл мейрамды ерекше ықыласпен қабыл алғандардың бірі Түрік этномәдени орталығының мүшелері. 

Қазақбай Қасимов, Түрік этномәдени орталының төрағасы:

- Біздің бәрімізді біріктіріп отырған қазақ елі. Ал Қазақстанның қуаты мен күші  - жүздеген ұлыстарды айрандай ұйытып отырған бірлігі мен татулығында. Бүгін мен біздің бірлестіктің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдап, Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қосуға барын салатындығын салтанатты түрде айта аламын.

Дүнядар Абдуллаева, Түрік этномәдени орталығының мүшесі:

- Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа үлгі болуда. Қазақстан халқы ассамблеясы жылы Елбасымыз айтқандай еліміздегі 17 миллион халыққа ортақ мереке болып отыр. Біз ең бастысы елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуы екендігін жақсы түсінеміз. Елдің тыныштығын сақтап, өніп-өрекендеуіне әрбір қазақстандық қолынан келгенше жұмыс жасап, алға ұмтылуы тиіс деп білемін. Себебі бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. Ал тірлік жоқ жерде береке де болмайтыны анық. Сондықтан біздің әрбір жетістігіміз біздің бірлігімізге байланысты. Барша қазақстандықтарды осындай ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймын. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер