Анкара губернаторы ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады - ҚХА|11 Ақпан 2015, 09:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Анкара губернаторы ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады

Астана. 11 ақпан. Baq.kz – Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаевтің Анкара провинциясының Губернаторы Мехмет Қылышлармен кездесуі өтті деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастық, өңірлік, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Елші Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдардағы Қазақстанның жетістіктері, сонымен қатар ҚР Конституциясының 20-жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығын, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту, сондай-ақ Қазақстанның «АТОМ Жобасы», «G-Global», 2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру және тағы басқа жобаларды қоса алғанда, ағымдағы ішкі саяси ахуал мен халықаралық аренадағы ынтымақтастығы туралы хабардар етті.

Елші ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауының мәтіні мен екіжақты ынтымақтастық туралы кітаптардың түрік тілінде басылған нұсқаларын ұсына отырып, Қазақстанды кешенді индустриализациялауды көздейтін «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының аясындағы Қазақстанның іс-қимылдарынан да хабардар етті.

Анкара Губернаторы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастықтың жоғары деңгейде екенін атай отырып, олардың екі ел арасындағы стратегиялық уағдаластықтар аясында кемелдену қажеттілігінің маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан салиқалы сыртқы саясатын жүргізіп, экономиканы индустриализациялау және халықтың әл-ауқатын көтеру мәселелері негізінде дұрыс стратегиялық даму жолын таңдай білді. Губернатор ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тұлғасына өзінің ерекше құрметін білдіре отырып, оның халықаралық бастамалары арқасында өз елінде ғана емес, жалпы дүниежүзінде, ал оның ішінде түркі әлемінде аса құрметке ие екендігін мәлім етті. М.Қылышлар қазақстандықтарды Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы ҚР Конституциясының 20 жылдығы сияқты мерейтойлы іс-шаралармен құттықтады.

М.Қылышлар: «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын құруы оның жеке даналығының және жүргізіп жатқан салиқалы саясатының белгісі деп білемін. ҚР-да этникааралық қарым-қатынастар дамуының фундаменталды институты болып қалыптасқан Ассамблея өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды фактор болып табылады. Ассамблея өзінің 20-жылдық белсенді жұмысының арқасында жалпыхалықтық және жалпыазаматтық органы болып, конституциялық дәрежеге ие болды. Ассамблея жұмысының тәжірибесі Түркия үшін де өзекті болып табылады», - деп атап өтті.

Сұхбат барысында Губернатор ірі жобалардың құрылысын көздейтін Қазақстанның «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысын да жоғары бағалады. Осы орайда, түрік кәсіпкерлері қауымдастығы өкілдерінің көрмеге қатысуын қамтамасыз ету іс-шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетуге мүдделі және әзір екендігі туралы мәлім етті.

Сұхбаттастар екіжақты ықпалдастықты кеңейтуді келісті. Елші Губернаторды Қазақстанға сапармен келуге және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер