А.Жұмашов: Ассамблея үндеуін қолдаймыз - ҚХА|20 Ақпан 2015, 12:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Жұмашов: Ассамблея үндеуін қолдаймыз

 АСТАНА. 20 ақпан. BAQ.KZ – Түрік (түркі) империясының Ақ Ордасы болған ұлан-байтақ Қазақ жеріндегі мемлекеттік тарихтың басталғанына 3 мың жылдай уақыт болды десек, осы тарихи мерзім ішінде 1991 жылы өзінің саяси дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасы жеткен жетістікке қазақ халқы еш уақытта, еш қашанда жеткен емес.

 Сірә, сонау ХҮ ғасырда қазақ хандығының тұсында өмір сүрген Асан Қайғы атамыз армандаған елін жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс, жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешкен, ел аласы, ру таласы жоқ, адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ - Жерұйық осы Мәңгілік ел- Тәуелсіз Қазақстан болса керек. Тәуелсіздік кезіндегі 20 жылдан сәл асқан уақыт ішіндегі Қазақстанның осындай ғажайып дамуы Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттік басқаруымен тікелей тығыз байланысты және ажырамас бөлігі. Қазақ елі Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының, көрегендігінің арқасында Еуразия кеңістігіндегі әлемдік өркениетке жетіп, соның нәтижесінде «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясы қабылданды. Біз осы стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырғанда ғана қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс пен аса күрделі халықаралық жағдайдан шыға алатын боламыз.
Осындай әлемде теңдессіз ұзақ мерзімді ұлы Стратегиялық бағдарламаны - оны ұсынған Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай күллі түрік (түркі) елінің тірегі болған Президенттің өзі ғана жүзеге асыра алса керек. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелерінің үндеуінде айтылған «Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік, беретін жаңа сенім мандаты берілуі- қажет»,- деген сөз - Аталы сөз. Қазақ қашан да Аталы сөзге тұрған. Сондықтан мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің- отандастарымның ұсынған Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қызу қолдаймын және барша қазақстандықтарды және өзімнің әріптестерімді, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына қарасты музейлердің қызметкерлерін Жаһанда тұрақсыздық орын алған аса күрделі қиын кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, одан әрі дамуы және дүниежүзілік озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа сенім білдіруге, төңірегінде топтасуға шақырамын.


Абдулла ЖҰМАШОВ,

 «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның директоры,

музейдің негізін қалаушы, әдебиетші, этнограф. 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер