"20 игі іс" эстафетасы СҚО-ға беріледі - ҚХА|12 Ақпан 2015, 12:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"20 игі іс" эстафетасы СҚО-ға беріледі

Астана. 12 ақпан. Baq.kz – Бүгін "20 игі іс" эстафетасы жəне ақмолалықтардың жарқын істерімен толтырылған оның символы - "Тайқазан" Солтүстік Қазақстан облысына тапсырылады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Ақмола облысы əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді. 

- ҚХА жылы ол барлығымызға ортақ мереке. Менің ойымша бұл қазақ жерінде тұратын 17 миллион халықтың мерекесі. Елбасымыз айтқандай бұл жыл бір тарихи тағдырмен байланған халықтардың бірлігінің жарқын үлгісі болуы тиіс. Ассамблея жылы нақты істердің жылы болуы тиіс. Осындай істердің бірі Қазақстан бойынша өткелі жатқан "20 игі іс" эстафетасы. Бүгін сағат 15:00-де "20 игі іс" эстафетасы жəне ақмолалықтардың жарқын істерімен толтырылған оның символы "Тайқазан" Солтүстік Қазақстан облысына тапсырылады. Қазақстан халқы ассамблеясының "20 игі іс" эстафетасын қабылдап алған Ақмола облысы оны " Мейірім" қайырымдылық науқанымен жалғастырды. Эстафета аясында қоғамдық келісім кеңестері арқылы аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға нақты көмектер көрсетті. Облыс бойынша қайырымдылық акция аясында қамтылған отбасыларға отын, тұрмыстық техника, жылы киім, аяқ киіммен қамтамасыз етілді.Бүгін Достық үйінде СҚО-ға берілетін "Тайқазан" барлық Қазақстанды аралап, игі істерге толтырылып сəуір айында ҚХА-ның сессиясының ашылуы қарсаңында Астанаға қайтып келетін болады, - деді Н.Жаңбыршыұлы.

Айта кетейік, 2015 жылғы 6 ақпанда ҚХА жылының салтанатты ашылуында "20 игі іс" науқанының символы "Тайқазан" Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагинге тапсырылған болатын. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер