«20 игі іс» аясында 15 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді - ҚХА|11 Ақпан 2015, 14:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«20 игі іс» аясында 15 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді

Астана. 12 ақпан. Baq.kz – Қазақстан халқы ассамблеясы жылының салтанатты ашылуында «20 игі іс» акциясының символы «Тайқазан» Ақмола облысына тапсырылғаны белгілі. Содан кейінгі кезеңдерде өңірде бірқатар қайырымдылық шаралары өз жалғасын тапты деп мәлімдеді Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Нұрлан Нұркенов.
 

- Қазақстан халқы Ассамблеясының «20 игі іс» эстафетасын қабылдап алып Ақмола облысы оны «Мейірім» – «Милосердие» қайрымдылық акциясымен жалғастырды, соның аясында қоғамдық келісім кеңестері арқылы аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға нақты көмектер көрсетіледі. Облыс бойынша қайрымдылық акциясымен 600-ден астам отбасы қамтылады, оларға отын, тұрмыстық техника, жылы киім, аяқ киім сатып әперу, коммуналдық қызмет үшін ақы төлеу және басқа да материалдық қолдау түрлерімен жалпы соммасы 15 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, ал ізгілікке толы мұндай акция елімізде жыл бойы жалғасатын болады, - дейді Нұрлан Жаңбыршыұлы.

Аймақ жетекшілерінің айтуынша, шара аясында балалар мен қарттар үйлері, көп балалы отбасылар мен мүгедектерді қолдаумен қатар, отбасылық балалар үйлерін ашу, қарттар мен жалғыз іліктілерге қамқорлық жасау, балалар алаңдары мен спорт алаңдарын жөндеу бойынша «Айналайын», «Ботажан», «Спешите делать добро!» қайырымдылық акциялары өткізіліпті.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер