Жыл басынан бері инфляция 3,7%-ды құрады - Қазақстан экономикасы|03 Шілде 2017, 11:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жыл басынан бері инфляция 3,7%-ды құрады

Фото: газета "Литер"

2017 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 3,7%-ды құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 3%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

2017ж. маусым

2017ж. қаңтар-маусым 2016ж. қаңтар-маусымға

2017ж.

мамырға

2016ж.

желтоқсанға

2016ж. маусымға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,4

3,7

7,5

12,5

7,7

Азық-түлік тауарлары

0,7

5,1

9,7

15,3

9,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

3,0

7,7

12,8

8,3

Ақылы қызметтер

0,1

2,8

4,8

9,1

4,8

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 77,3%, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,6%, қой етіне – 10,7%, сиір етіне – 9%, жаңадан жиналған жемістерге – 7,9%, консервіленген сүтке – 6,4%, сары майға – 5,6%, жылқы етіне – 4,6%, кондитерлік өнімдерге – 4,3%, мәйекті ірімшікке – 3,8%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 58,7%, қызанаққа – 28,7%, жұмыртқаға –27%, қарақұмық жармасына – 13,4%, күнбағыс майына – 6,6%, қантқа – 1,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4,6%, тоқыма бұйымдарына – 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға – 2,9%-дан, фармацевтикалық өнімдерге, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,8%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,4% құрады. Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ – 5,8%, бензин – 5,4%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,5%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 4%, ішкі қалааралық – 2,7%, жолаушылардың әуе көлігімен – 2,4%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен – 1,4%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 7,4%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, ыстық суға – 3,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 3,5%, электр энергиясына – 3,2%, суық суға – 2,4%-ға жоғарылады.

Айта кетейік, елімізде азық-түлік бағасы да өскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер