Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 12:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Қазақстанның даму банкі» (ҚДБ) АҚ басқармасының төрағасы Болат ЖӘМІШЕВ мәлімдеді.  

– Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді. Үкімет бір айдың ішінде қаулы қабылдайды деп үміттенемін. Бірақ транш қай кәсіпорынға берілетінін әзірге белгісіз. Оның бәрі Үкіметтің қабылдаған қаулысынан кейін анықталады. Қараша айының екінші жартысында бұл бағдарлама әрі қарай жалғасады деп ойлаймын, – деді Болат Жәмішев.

Банк төрағасы жеңілдетілген автонесилердің бірінші траншы бойынша қанша тұлға автокөлікке ие болғанын да айтып өтті.

– Жеңілдетілген автонесилер беру бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 22 қазанындағы мәлімет бойынша ҚДБ жеке тұлғалардың 3991 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы сомасы 12 млрд 485 млн теңгеге Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түкен өтініштер бойынша ҚР Үкіметінің бекітілген қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады, – дейді ол.

Бек Төлеуов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер