Жеңілдетілген автонесиелеудің екінші траншы қарашада беріледі - Қазақстан экономикасы|30 Қазан 2015, 10:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жеңілдетілген автонесиелеудің екінші траншы қарашада беріледі

Астана. 30 қазан. Baq.kz - Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасын әрмен қарай жалғастыру үшін тағы 12 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы «Қазақстан Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.  

Отандық көліктерді қолдау мақсатында жүзеге асып отырған бағдарлама жыл басынан бері жүргізілуде. Жеңілдетілген автонесиге бөлінген бірінші транш аясындағы 15 млрд теңгенің 12,5 млрд теңгесі жұмсалған. Ал, автонесиелеудің екінші кезеңіне қатысу үшін қазіргі кезде 12 млрд теңге көлемінде 3991 азаматтан өтініш келіп түскен. Бағдарламаның екінші траншы қараша айының екінші жартысынан басталады. Темір тұлпардың қанша пайызбен берілетіні және қандай маркалы көліктер қатысатыны Үкіметтің қабылдаған қаулысынан кейін анықталады. Айта кетсек, 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтар 403 млрд теңгеге автонесие алған.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер