Жекешелендіру аясында саудаға 430 объектілер шығарылды - Қазақстан экономикасы|27 Қаңтар 2016, 09:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жекешелендіру аясында саудаға 430 объектілер шығарылды

Астана. 27 қаңтар. Baq.kz - 2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 834 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 430 объекті шығарылды, оның ішінде 243 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 118, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 объекті шығарылды, оның ішінде 15 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 26 қаңтардағы жағдайы бойынша 222 объекті шығарылды, соның ішінде 118 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 60 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 - 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 132 объекті жекешелендіруге жатады, 26 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 112 объектінің 94 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

Фото: egov.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер