Жария ету бойынша бастапқы акциясынан бюджетке 3,2 млрд.теңге түсті. - Қазақстан экономикасы|21 Қаңтар 2016, 18:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жария ету бойынша бастапқы акциясынан бюджетке 3,2 млрд.теңге түсті.

Астана. 21 қаңтар. Baq.kz - Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 748,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 73 976 өтініш (декларациялар) түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. 

- сомасы 559,4 млрд. теңгеге 61 878 тұрғын үй объекті;
- сомасы 171,6 млрд. теңгеге 32 048 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 7 559 млрд.теңгеге 121,3 коммерциялық объект;
- сомасы 4,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 25 қатысу үлесі;
- сомасы 8,2 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
57 637 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 443,1 млрд. теңгеге жария етілді, соның ішінде (декларацияны тапсыру жолымен) ақша 4,8 млрд. теңге сомасында.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1044,4 млн тенге құрайтын 38 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.
- сомасы 972,4 млн. тг құрайтын 32 тұрғын үй объекті;
- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын 3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.
- сомасы 3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың қатысу үлесі;
- 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;
Сомасы 1044,4 млн. теңгеге 38 объект және бағалы қағаздар жария етілді.


ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 18.01.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 108,0 млрд.теңге ақшаны жария етуге 202 жинақ шот ашылды, (оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,8 млрд.теңгеге 178 жинақ шоты), жинақ шоттан алынғаны 42,0 млрд.теңге, 1 желтоқсанға дейін ҚР экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге.
19.01.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер