Ұлыбритания Қазақстандағы күмістің 80%-ын сатып алды - Қазақстан экономикасы|08 Қаңтар 2018, 10:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлыбритания Қазақстандағы күмістің 80%-ын сатып алды

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шетелге 855,1 тонна күміс тасымалданды. Аталған металлдың жалпы құны – 445,8 млн долларды құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылмен салыстырғанда, экспорт 13,8% (992,6 тонна), кіріс 10,9% қысқарды.

Күмістің ірі партиясы Ұлыбританияға жіберілді. Аталған мемлекет Қазақстаннан құны 364,2 млн доллар болатын 706,1 тонна күміс сатып алды. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда, патшалыққа экспорт 29% төмендеді.

Бұдан өзге, Германия құны 73,7 млн доллар болатын 134,4 тонна, ал АҚШ құны 7,8 млн болатын 14,6 тонна күміс сатып алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер