Тәжікстан қазақстандық темір жол көлігі машинасы импортын арттыруға мүдделі - Қазақстан экономикасы|28 Қаңтар 2016, 16:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тәжікстан қазақстандық темір жол көлігі машинасы импортын арттыруға мүдделі

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz - Қаңтардың 27-сінде Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «Рохи охани Точикистон» (Тәжікстан темір жолы) Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны әкімшілігінің бастығы Комил Мирзоалимен келіссөз өткізді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында темір жол көлігі машинасын жасау мен логистика саласындағы екі жақты серіктестік мәселелері қарастырылды. Қазақстан аумағында жүретін Тәжікстанда жасақталған жолаушылар пойыздарына қосымша жеңілдіктер, қазақстандық астықты Тәжікстанға жеткізу жайы сөз болды.

Келіссөз барысында темір жол әкімшіліктерінің басшылары А. Мамин мен К. Мирзоали 2016 жылы Тәжікстанға темір жол көлігі машиналарының көптеген өнім түрлерін жеткізуге уағдаласты.

Қол қойылған келісімге сәйкес, тараптар тепловоздар, бағыттауыш бұрмалар, жөндеу жинақтары мен жүк және жолаушылар вагондарына арналған тұтас құйылған доңғалақтар жасау мәселесі бойынша серіктестік аясын кеңейтеді. Маңызды құжаттағы негізгі баптың бірі бойынша Ақтөбе рельс арқауы зауытының Р-65 рельстерін Тәжік темір жолына жеткізу жайы қарастырылды.

Сапар аясында «Рохи охани Точикистон» МУК өкілдері елордасындағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар-Тальго» ЖШС кәсіпорындарын аралады. Оларды Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасаудың озық технологиямен қамтылған саласының болашағы қызықтырды.

Тәжікстандық делегация «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – «Көліктегі технология орталығы» АҚ мен «Тасымалдауды басқару орталығында» болды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер