Т.Құлыбаев: Құрылыс индустриясының қарқынды дамуына жаңа технологиялар қажет - Қазақстан экономикасы|25 Қаңтар 2016, 20:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Т.Құлыбаев: Құрылыс индустриясының қарқынды дамуына жаңа технологиялар қажет

Астана. 25 қаңтар. Baq.kz – Импорттық құрылыс материалдарын отандыққа алмастыру және кәсіпорындарды ел аумағына шоғырландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігіне талдау жүргізу қажет. «Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің есептік жиналысында құрылыс материалдарын өндіру саласындағы импорттың орнын толтыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы өсім көрсетіп отыр: 2013 жылы республикада 6 843 млн шаршы метр салынса, 2014 жылы 7 518 млн шаршы метр, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 8 940 млн шаршы метр шамасына жетіп отыр. Биылғы жылы, EXPO-2017 нысанарының көлемді құрылысын ескере отырғанда, көрсеткіштер былтырғы жылдан төмен болмайтын сияқты.

«Атамекен» ҰКП басшысы сонымен бірге импорттық құрылыс материалдарын отандыққа алмастыру жөніндегі жұмысты белсендірудің және кәсіпорындардың ел аумағына барынша шоғырлануын қамтамасыз етудің, сондай-ақ жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атады.

«Құрылыс көлемі және қозғалысы жаман емес, бірақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқыға шығу үшін, қолда бар өндіріс айналымын арттырып, жаңаларын іске қосу керек. Көршілес елдермен бәсекелесу қиын, алайда онсыз болмайды. Бәсекелестік – бұл дамуға түрткі. Мұнда негізгі үш фактор маңызды: өндірісте тек жаңа технологияларды қолдану, мықты маркетинг және мемлекеттік қолдау», - деп атады Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы Қазақстандағы құрылыс саласы үшін ең өзекті материалдар мен жабдықтарды шығару бойынша зерттеу жүргізуді тапсырды.

Ұлттық палата Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің басшысы Александр Белович өз кезегінде елімізде ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын мердігерлік шарттармен бірге FIDIC (Federation Internationaldes Ingenieurs-Conseils) стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынды. Ол бұл тұғырнаманың әмбебаптығын баса көрсетіп, республикалық маңызы бар жолдарда 2013 жылдан бері аталмыш стандарттың ойдағыдай енгізіліп келе жатқанын атады.

«Бұл стандартты азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста да қолдануға болады, егжей-тегжейлі жазылған және әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Аталмыш стандарт орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі үшін инженердің жоғары жауапкершілігін, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтарға деген нарықтық баға ауытқуына сәйкес жедел жауап қатуды, құрылыс мерзімін бұзғаны үшін айыппұл шараларын және т.б. көздейді», - деді Александр Белович.

«Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев бизнес үшін де, мемлекет үшін де оң әсер сақталған жағдайдағы дағдарысқа қарсы шараларды енгізудің және құрылыс саласын қаржыландыруды ынталандырудың маңыздылығына назар аударды.

Құрылыс комитетінің басшысы «Атамекен» басшысына FIDIC келісімшарттарының екі тарап – мердігер және тапсырыс берушіге қатысты алғанда да теңдестірілгеніне әрі әділ болатынына сендірді, себебі тәуекел үшін жауапкершілік тәуекелдерді бақылауға, жауапкершілік алуға және сәйкес шешімдер қабылдауға құзырлы тараптың мойнында болады. Сонымен қатар стандарт Қазақстан Республикасының жеке меншік инвесторлар, Дүниежүзілік Банк, ЕДҚБ, АДҚБ және т.б. есебінен қаржыландырылатын халықаралық құрылыс тендерлерін өткізген кезінде ерекше маңызды.

ҰКП Басқарма мүшесі Юлия Якупбаева Отандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу жөніндегі ағымдағы жұмыс жайлы баяндады. Аталмыш тізілімде қазірде өңірлер бойынща өндіретін өнім түрі көрсетілген 680-ге жуық өндіруші тіркелген.

Өңірлер бойынша өндірістер картасы жасақталған. Өндірушілер ірі – 77, орта – 266 және шағын – 336 болып жіктелген.

Комитет жақын арада отанымызда өндірілетін құрылыс материалдарының импорттың орнын алмастыруы жөніндегі ұсыныстарын таныстырады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер