Соңғы 3 айда елімізде 14 құрылыс компаниясы банкротқа ұшыраған - Қазақстан экономикасы|02 Қараша 2015, 10:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Соңғы 3 айда елімізде 14 құрылыс компаниясы банкротқа ұшыраған

Астана. 2 қараша. Baq.kz – Ағымдағы жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында еліміздегі 14 құрылыс компаниясы банкротқа ұшыраған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, комитетте компаниялардың банкроттығы туралы мәліметтер тоқсан сайын жаңартылып отырады. Осылайша, жылдың үшінші тоқсанында 242 борышкер банкрот деп танылған. Екінші тоқсанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 29 бірлікке немесе 14 пайызға жоғары.

"2015 жылдың үшінші тоқсаны бойынша өздерін банкрот деп жариялаған құрылыс компанияларының саны 14-ті құрады. Банкротқа ұшыраған кәсіпкерлердің көбі көтерме және бөлшек сауданың өкілдері, құрылысшылар" делінген Комитет таратқан хабарламада.

Айта кету керек, былтырғы жылмен салыстырғанда өздерін банкрот деп жариялаған борышкерлердің саны биыл екі есеге жоғары. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 320 банкроттық факт тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 167-ні құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер