Соңғы 10 жылда Жапония Қазақстанға 5 млрд доллар инвестиция құйған - Қазақстан экономикасы|27 Қазан 2015, 16:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Соңғы 10 жылда Жапония Қазақстанға 5 млрд доллар инвестиция құйған

Астана. 27 қазан. Baq.kz – Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық байланыс өте жоғары деңгейде дамып келеді. Оған дәлел - соңғы 10 жыл ішінде Жапониядан Қазақстанға 5 млрд доллар инвестиция құйылған. Бұл жайында бүгін Қазақстан-Жапония бизнес форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. 

"Соңғы он жылда Жапониядан Қазақстанға 5 млрд долларды құрайтын инвестиция құрылды. Ал, бүгінде Қазақстанда тау-кен, xимия, металлургия, машина жасау салаларында құны 750 млн доллар болатын жапондық 50 ірі компания жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда-саттық айналым құны 10 млрд долларды құрап отыр. Айта кетейін, қазіргі уақытта екі ел арасында инвестициялық жобалар бойынша 700 млн долларға келіссөздер жүргізілуде. Олардың ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау орталығының құрылысы, Тойотаның жаңа модельдерін шығару, терминалдар құрылысы және тағы басқа жобалар қолға алынады" деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтуде. Форум аясында сондай-ақ, Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді. Форумның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады. Оған, қоса, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық машина жасау, автомобиль терминалын құру меморандумдарына қол қойылу күтілуде.

Дана Сағынбекқызы,
ФОТО: Азамат Әлиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер