Шетелдік инвестор және мемлекет арасындағы даулар қарастырылды – вице-министр - Қазақстан экономикасы|15 Қараша 2018, 11:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шетелдік инвестор және мемлекет арасындағы даулар қарастырылды – вице-министр

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Наталья Пан ведомсвтоның Reed Smith компаниясымен бірлесіп өткізген «Кәсіпкерлік кодексінің ережесін одан әрі дамыту мәселесі» атты дөңгелек үстелде хабарлады.

Айта кетейік, қатысушылар шетелдік инвестициялар мен инвестор және мемлекет арасындағы даулар бойынша жекелеген мәселелерді ортаға салды.

Талқылауға ұсынылған бастамалар ұлттық заңнаманы, құқық қолдану практикасын, доктринаны және шетелдік тәжірибені талдау барысында әзірленді. Атап айтқанда, англо-саксондық және романо-германдық құқықтық дәстүрлері бар Ұлыбритания, Германия, Сингапур сынды елдердің заңнамалары зерделенді.

«Шетел инвесторлары мен мемлекеттегі коорпаративтік активтерді қарастырдық. Сонымен қатар сол компаниялардың жауапкешулік мәселесі жайында сөз қозғалды. Бұл өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Егер келісімшарт бұзылған немесе заңнама жүзеге аспай қалғандағы мәселелер, акционерлер арасындағы дау-дамайларды шешу, xолдингтік жұмыста осы заңнамаларды одан әрі жетілдіру жайында ойлар тыңдалып ортақ шешімге келдік. Сонымен қоса компанияны қайта құру, оның қызметі мен мүмкіндігін тоқтату, оларды басқару ерекшеліктері және жаңғыртуға негізделген жұмыстармен таныстық. Бұдан кейін кәсіпкерлікті дамытудың, келісім шарттардің тиімділігін және тәжірибие алмасудың амалдарын ортаға салдық», - деді ҚР Әділет министрінің орынбасары Наталья Пан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер