Сапарбаев Ақтөбеде шет елден келген қанша жұмыс күші бар екенін айтты - Қазақстан экономикасы|30 Қазан 2017, 16:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сапарбаев Ақтөбеде шет елден келген қанша жұмыс күші бар екенін айтты

Соңғы жылдары Ақтөбе облысына қытайлық инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Соған сәйкес Ақтөбе облысына тоғыз айдың ішінде 790 шетелдік азаматқа жұмыс істеуге рұқсат берілген. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұның бәрі қытайлықтар емесін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

“Сіздер Елбасы тапсырмасын білесіздер. Экономиканы дамыту үшін кез келген елден инвестиция алып келуіміз керек. Біріншіден, ол қытайдыкі бола ма, орыстыкі бола ма, немістікі бола ма, түріне қарап айтпайсың ғой. Екіншіден, зауыттарды салу жөнінде “Жібек жолы” бағдарламасына байланысты екі мемлекеттің арасында үлкен келісімшарт бар. Соған сәйкес біз Ақтөбе өңірінде төрт зауыт салуымыз керек. Қытайлық компанияларымен жұмыс істеп жатырмыз”, - деді Бердібек Сапарбаев.

Осы орайда облыс әкімі Қытайдан Ақтөбе облысына қанша шетелдік жұмыс істеуге келеді деген журналист сауалына жауап берді.

“Тек қана Қытай емес, жалпы өңірге шетелден жұмысқа келетін азаматтарды қарап отырмыз. Мысалы былтыр тоғыз айда бізге 1100 адамға рұқсат (квота) берілді. Қазіргі таңда 790 адамға. Біз олармен келісімшартқа отырғанда егер сол маман Қазақстанда жоқ болса маманды осында дайындайсыздар, бізде жоқ мамандарды шетелден алып келесіздер деп айтамыз. Дәл сондай талап қытай компанияларына да қойылған”, - деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетсек, 2016 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қытайдан тікелей инвестиция тарту көлемі 623,9 млн АҚШ долларын құраған. Бұл 2015 жылдағы сол кезеңмен салыстырғанда 7 есеге көп.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер