Н.Әлиев: Біздің басты мақсат – Астананы әлемдегі ең дамыған 50 қаланың қатарына қосу - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 17:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Н.Әлиев: Біздің басты мақсат – Астананы әлемдегі ең дамыған 50 қаланың қатарына қосу

Астана. 29 қазан. Baq.kz - Біздің алдымыздағы басты мақсат – Астананы әлемдегі ең дамыған 50 қаланың қатарына қосу. Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумының «Астана инновациялық хаб ретінде» тақырыбындағы пленарлық сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев мәлімдеді, 

«Бүгінгі пленарлық сессия «Смарт Астана: идеядан оны жүзеге асыруға дейінгі жол» атты тақырыпта өтіп жатыр. Канада, Сингупар, Венгрия, АҚШ пен Қазақстанның 12 компаниясы өз елдерін мысалға ала отырып, инновациялық идеялар туралы айтып береді. Біз ақылды қала, яғни, «Смарт Астана» жобасының қазіргі дамуы мен болашағын талқылаймыз. Біздің алдымыздағы басты мақсат – Астананы әлемдегі ең дамыған 50 қаланың қатарына қосу. Бұл үшін 2014 жылы «Смарт Астана» атты жол картасын әзірлеген едік. Бүгінге дейін Барселона, Париж, Шанхай, Рига сияқты ақылды қалалардың тәжірибесін зертттедік. Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере келе, Астанада замануи смарт технологиялар пайдаға асып жатыр. Смарт технологияларды енгізудің арқасында елорда тұрғындары үшін қалалық қызметтердің сапасы жақсарып, өндірістік шығын азаюда», – деді Н.Әлиев.

Еске сала кетейік, бүгін елордада «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестциялық форумы өтуде. Бұл шара Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстанның бизнес-процестерінің басты қатысушылары және әлемдік нарықтың танымал өкілдері арасында сындарлы диалогты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Форумға әлемнің 30 елінен келген 3 мыңнан астам делегат қатысуда. Форум аясында бірқатар стратегиялық маңызы бар меморандумдарға қол қойылды.  

Ақмарал Шағатай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер