BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр: Алдағы жылдары Қарашығанаққа 5 млрд доллар инвестицияланады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«2018 жыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен ерекшеленіп отыр. Ең алдымен, бұл «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» ауқымды жобалары. Қазіргі бюджеті 36,8 млрд долларды құрайтын «Теңізді» келешекте кеңейту жобасы бойынша алдағы жылдары қазақстандық үлестің минималды көлемі 32% немесе 12 млрд долларды құрайды деген болжам бар. Бүгінде жобаға 44 мың қазақстандық қатысып отыр. Ірі құрылыс келісімшарттары жасалып, мердігерлер анықталды. Көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша қазақстандық үлес 60% асуын бақылауда ұстап отырмыз», - деді Бозымбаев.

Ол аталған жоба аясында ұсынылатын тауарлар бойынша қазақстандық үлес көлемі небәрі 10-15% құрап отырғанын айтты.

«Қарашығанақ жобасы бойынша айтсам, осы жылы біз республика пайдасына өнімді бөлуге қатысты келісімге келдік. Ол келісімге сәйкес, алдағы бес жылда шамамен 5 млрд доллар қаражат Қарашығанақта ұзақ мерзімді кезеңде мұнай өндіруді жоғары деңгейде сақтау үшін жаңа ұңғымаларды бұрғылауға инвестицияланады», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер