Миллиардер Джим Роджерс Қазақстанға инвестиция құюға ниетті - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 11:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Миллиардер Джим Роджерс Қазақстанға инвестиция құюға ниетті

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Астанада өтіп жатқан «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумының бас сессиясына әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс Қазақстанға инвестиция құюға ниетті екенін жеткізді. 

«Аз уақыттың ішінде құрылған Астана қаласы мен үшін ең әсем қалалардың бірі. Мен көптеген мемлекетте болдым. Оның ішінде Вашингтон, Бразилия сынды көптеген дамыған елдердің астаналарын көрдім. Ал, Астананың аз уақыттың ішінде осыншама жетістікке жетіп, осындай қалаға айналғаны мені таң қалдырды. Астанаға келуім алғаш рет, бұрын соңды Астана қаласы туралы көп оқып, көп естігенмін» дейді миллиардер.

Сондай-ақ, ол Астанадағы үлкен өзгерістерге баса мән бергенін атап өтті.

«Астанада аз уақыттың ішінде көптеген өзгерістер болды. Аз уақыттың ішінде осындай жетістікке жету үшін мемлекет көп жұмыс атқарғаны көрініп тұр. Мен халықаралық деңгейдегі инвестормын, сондықтан, қазір Қазақстанға да неге инвестиция салмасқа деп ойлап отырмын. Бүгін барлығымызды қызықтырып отырған мәселе де осы инвестиция. Бүгінгі форумда инвестиция тарту жолдарын жан-жақты талқылап бір шешімге келеміз деген ойдамын. Ал, бүгінде Қазақстанға инветиция салуға барлық мүмкіндік бар деп барлық елге жар сала айта аламын»,-деді ол.

Айта кетейік, Астанада «Astana Invest 2015» халықаралық инветициялық форум өтуде. Форум аясында индустриалды парктер мен өнеркәсіптік аймақтардың инвестициялық жобаларының көрмесі қойылған. Сондац-ақ, форум жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысуда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер