ҚР ИДМ және ҰКП кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірлескен жұмыстарды қолға алды - Қазақстан экономикасы|24 Қаңтар 2016, 11:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҚР ИДМ және ҰКП кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірлескен жұмыстарды қолға алды

Астана. 23 қаңтар. Baq.kz - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министр Әсет Исекешев пен ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің төрағалығымен дағдарыс жағдайында және индустриаландыру мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан кездегі өзекті мәселелерді шешу бойынша бірлескен кеңес өтті. 

Тараптар бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар туралы келісті:

1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау бойынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын қосқандағы дағдарысқа қарсы шаралар.

2. Биыл инвесторлардың қатысуымен индустриаландыру Картасы жобаларын жүзеге асыру, оның ішінде жергілікті инвесторларды және олардың жобаларын қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3. Қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы нарыққа шығуын қолдау бойынша жұмыстарды күшейту (бірінші кезекте Ресей, ҚХР, Орталық Азия және Иранның шекаралық аймақтарына).

4. (2015-2019 ж. арналған МИИДБ ) индустриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасына аймақтық мамандандырылған және салалық қауымдастықтардың пікірін ескере отырып, өзгерістер енгізу мәселесі.

ҚР ИДМ мен ҰКП бірлескен кеңесі апта сайын өтеді.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер