ҚР ИДМ ҚХР-ға экспорт ұсынып, Қытай инвестициясын елге тартады - Қазақстан экономикасы|24 Қаңтар 2016, 15:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҚР ИДМ ҚХР-ға экспорт ұсынып, Қытай инвестициясын елге тартады

Астана. 24 қаңтар. Baq.kz - ҚР Инвестциялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация 2016 жылдың 25-28 қаңтары аралығында жұмыс сапарымен Қытайға барады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз-қызметі. 

Пекинде ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлескен индустриаландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастық бойынша 8-ші Қазақстан-Қытай отырысы өтеді.

Кездесу барысында 2016 жылы жүзеге асырылатын (52 бірлескен жоба) жобаларды қаржыландыру мәселелері қаралып, сондай-ақ тараптар жаңа жобаларды талқылайды. Әңгіме қытай компанияларының экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін инвестициялау туралы болып отыр: автокөліктер, жүк техникалары, өсімдік майы өндірісі, томат пастасы, калий тыңайтқышы, әртүрлі құбырлар және т.б.

Сонымен бірге, туризмге қатысты жобалар және ғылым мен инновация саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сапар аясында Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті, Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі, Қытай инжиниринг академиясы, Өнеркәсіптің дамуын зерттеу институты басшыларымен, сондай-ақ, қытайдың 20-дан аса компаниясымен, оның ішінде Alibaba, Huawei, Inspur, Xiaomi, Lenovo, NetEase сияқты алпауыттармен және Жібек жолы қорымен кездесулер жоспарланған 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер