Қытай кедергілерді жоюда - Қазақстан экономикасы|27 Қаңтар 2016, 18:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қытай кедергілерді жоюда

Астана. 27 қаңтар. Baq.kz – Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері алдынан жасыл дәліз ашылмақ. Аспан асты елінен келіп жеткен жағымды жаңалық: қытайлық тарап қазақстандық ауылшаруашылық өнім экспорты үшін барлық кедергілерді жойып, еліміздің аумағындағы өндірістерге молынан инвестиция салмақ.

ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй осындай мәлімдеме жасады. «Экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдеріне деген өнім көлемі артып келеді», - деп баса көрсетті Елші мырза. Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, Қытай «қазақстандық ауылшаруашылық өнімді жеткізуге квотаны реттеуге» дайын.

«Карантинге келер болсақ, қазақстандық өнімнің ҚХР нарығына үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін, барлық кедергілерді және түйткілдерді реттеуді алып тастаймыз», - деп сендірді елші. Дипломат сонымен қатар «қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерді тасымалдау үшін жақсы дәлізді қамтамасыз ететіндеріне» сендірді.

«Ляньюньган портында өнімдеріңізді экспорттауға қазақстандық терминал бар. Болашақта өндірістік қуаттарды көшірудің (ҚХР-дан Қытайға - авт.) жалпы жобасымен жүзеге асыра беретін боламыз», - деді Чжан Ханьхуэй.

ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева берген деректер бойынша, қазір Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында 1,7 млн доллардан астам сомадағы 19 жобаны жүзеге асыруға кірісуде. 1,5 млрд доллар болатын тоғыз жоба бойынша жұмыс басталып та кетті.

12 жоба Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында орналасады. "Логистика тұрғысынан – бұл ең маңызды өңірлер, себебі Қытаймен ортақ шекарасы бар. Ауылшаруашылық өнім өндірісі саласындағы қимасына келер болсақ, бұл 19 жоба малдан алынатын өнімдерді де, өсімдіктерден алынатын өнімдерді де терең қайта өңдеуге арналған», - деді вице-министр.

Қазақстаннан Қытайға негізінде сиыр еті, қой еті, бал экспортталады.

«Қытайдың фитосанитариялық және ветеринарлық талаптары бойынша мемлекеттік инспекциясымен келіссөздерді аяқтап қалдық», - дейді Гүлмира Исаева. Қазір қазақстандық кәсіпорындардың аттестациясын өткізуді жоспарлап отырған қытайлық сарапшылардың келуі күтілуде. Осыдан соң отандық өнімді экспорттау мүмкін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бизнес-келісулерге ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов бастаған қазақстандық делегацияның ҚХР-ға басталған сапарының барысында қол жеткізілуі мүмкін. Қазақстанның өкілдері ҚХР Мемлекеттік даму және реофрма жөніндегі комитетімен бірге индустрияландыру және инвестициялар бойынша өтетін қазақстандық-қытайлық 8 отырысқа қатысады.

Пекинде өтетін кездесуде сонымен қатар жобаларды қаржыландыру талқыланады. Ол 2016 жылы басталады деп белгіленген. Сөз қытайлық компаниялардың автомобильдер, жүк техникасы, өсімдік майы, қызанақ пастасы, калий тыңайтқыштары, түрлі құбырлар өндірісі және т.б. сияқты экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары өнімдер өндірісіне инвестиция салуы жайлы болып отыр. Сонымен қатар туризм, ғылым және инновациялар саласындағы бірлескен жобалар талқыланады.

Жанар Сердалина
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер