Қытай Елшісі: Қытай инвесторлары Қазақстанға қаржы құюға мүдделі - Қазақстан экономикасы|26 Қаңтар 2016, 09:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қытай Елшісі: Қытай инвесторлары Қазақстанға қаржы құюға мүдделі

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz - Қытайлық инвесторлар Қазақстанға қаржы құюға қызығушылық танытуда. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй айтты.

"Ауыл шаруашылығы саласында біздің әлеуетіміз зор. Бірлескен жұмысымыздың болашағы үлкен деген ойдамын. Бүгінгі меморандум аясында ынтымақтастық нәтижелі болары сөзсіз. Қазақстанда өндірістік қуат, алаң, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін өсіруге мүмкіндік мол. Ал Қытайда экологиялық таза өнімдерге сұраныс үлкен. Бұл орайда Қазақстан мен Қытай тығыз стратегиялық серіктестік орната алады. Біз ұзақ мерзімді және тұрақты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз", - деді елші

Оның атап өтуінше, қытайлық инвесторлар бүгінде өз капиталын Қазақстанға құюға қызығушылық танытуда.

"Біз де өз тарапымыздан қытайлық тұтынушылардың қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапасын біліп-тануына күш саламыз. Бұл бағытта әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының квотасын реттейтін боламыз. Сондай-ақ карантинге қатысты барлық мәселелерді шешеміз. Бұл өнімнің Қытайға үздіксіз жөнелтілуіне мүмкіндік береді", - деді Қытай елшісі.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгін "CITIC", "Rifa Holding Group", "COFCO", "AIJIU" қытай компанияларымен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. 

Фото: 24 kz 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер