BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кеден кодексi Қазақстанның үшiншi елдермен тауар айналымын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi – ҰЭМ

Фото: Архив Baq.kz

Кеден кодексi Қазақстанның ЕАЭО-ға кiрмеген үшiншi елдермен, негiзгi әрiптестерiмен тауар айналымын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл туралы Мәжiлiс отырысында Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiнгi отырыста министр «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексi туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстырды. Жиында депутат Кәрiбай Мұсырман Кеден кодексi Қазақстанның ЕАЭО-ға кiрмеген үшiншi елдермен сауда-экономикалық қатынастарына қалай ықпал етедi деп сұрады.

«Кеден кодексi бүкiл кедендiк шекара аумағында өзара қарым-қатынасты анықтайды. Әрине, бiздiң мемлекеттiк шекарамыз бар, бiрақ кедендiк кеңестiк тарапынан қарасақ, одақтың қай жерiнде болмасын, үшiншi елдердiң тауарларына қатысты ережелер бiрыңғай болады. Сондықтан, бұл кодекс ауадай қажет. Тұңғыш кодекске 2009 жылы қол қойылған. Яғни, 8-10 жыл өтiп кеттi. Ол сол кездегi технологиялар мен сол кездегi жұмыстарға негiзделген. Ал қазiргi жаңа Кеден кодексiнде барлық жаңа кедендiк технологиялар, барлық халықаралық мiндеттемелер ескерiлген. Сондықтан, бiздiң (Қазақстан-агенттiк ескертпесi) үшiншi елдермен қарым-қатынасымыз туралы айтсақ, ол тек бiзге келетiн, бiз арқылы транзитпен өтетiн тауарларды ұлғайтуға ықпал етедi. Сол себептен, бiз негiзгi әрiптестерiмiзбен тауар айналымын ұлғайта аламыз деп ойлаймын», - дедi Сүлейменов.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi аталған заң жобасын мақұлдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер