BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚазМұнайГаз» АҚ таза пайдасын 50% арттырды

2017 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 48,4% өсіп, 195,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті «LS» порталына сілтеме жасап.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, таза пайда көрсеткішінің өсуі «Brent» маркалы мұнайдың 24% өсуімен байланысты. Мұнайдың бұл түрі шетелге көп экспортталады. Сонымен қатар, таза пайданың артуы біріккен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компанияларға түсетін пайданың өскенімен де байланысты болып отыр.

Өткен жылы аталған компания 956,4 млрд теңге пайда тапқан. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 32% жоғары. Түскен пайданың көлемі салық салуға дейін 240,9 млрд теңгені құрады. 2016 жылы аталған көрсеткіш 168,6 млрд теңге болды.

2017 жылдың 31 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, компанияның активтері бір жылда 10,5% өсіп, 2,3 трлн теңгеге жеткен. Оның өзінде компанияның капиталы – 2,1 трлн теңгені , ал міндетті төлемдер – 225 млрд теңгені құрап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер