BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның таза сыртқы борышы 46,6 млрд доллар – Ұлттық банк

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 164,4 млрд. АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге қатынасы 96,3% (жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарып) құрады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

"Сыртқы борыш құрылымында 63,0%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,2% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр. 2018 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 млрд. АҚШ долларына қысқарды", - деп жазылған Ұлттық Банк хабарламасында.

Азаю төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың үлестес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы), сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен орын алды.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 млрд. АҚШ долларды құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,6 млрд. АҚШ долларына азаю «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың «ҚМГ Қашаган Б.В.» компаниясында 50% қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды.

Дегенмен Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,5 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

Анықтама үшін:

Фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және оның 64,3%-ы 2018 жылғы 2-тоқсанның соңында Қазақстан аумағында ірі мұнай газ жобаларын іске асыратын шетел компаниялары филиалдарының сыртқы борышынан тұрады.

Таза сыртқы борыш борыштық құралдар бойынша сыртқы активтерді шегере отырып, борыштық құралдар (сыртқы борыш) бойынша сыртқы міндеттемелерді білдіреді. Борыштық құралдарға несиелер мен қарыздар, сауда кредиттері мен аванстар, қолма-қол валюта мен депозиттер, қарыз алудың арнайы құқықтары және басқа да талаптар/міндеттемелер жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер