Қазақстандағы уран өнімін Жапонияға жеткізуге мүдделі - Елбасы - Қазақстан экономикасы|27 Қазан 2015, 17:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстандағы уран өнімін Жапонияға жеткізуге мүдделі - Елбасы

Астана. 27 қазан. Baq.kz –Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Жапония бизнес-форумына қатысқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Уран өндірісі мен экспорты Қазақстан экономикасының стратегиялық саласы екенін атап өтті. "Сол себепті де біз жоғары сұрыпты уран өнімін әлемдік нарыққа, соның ішінде Жапонияға жеткізуге мүдделіміз" деді Елбасы форум барысында. 

"Елімізде әріптестіктің маңызды салаларының бірі - атом энергетикасы екені даусыз. Сол себепті біз жоғары сұрыпты уран өнімін әлемдік нарыққа, соның ішінде Жапонияға жеткізуге мүдделіміз. Болашақта екі ел арасындағы өзара ынтымағымызды сақтай отырып, келешекте осындай қарым-қатынасты тереңдете береміз деп сенемін. Қазір де Қазақстан мен Жапония сенімді старатегиялық серіктес болып табылады. Осы арадағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгін 10-нан астам коммерциялық келісімге қол қойып, екі елдің іскерлік дамуға қажетті жаңа бағыттарды қолға алатын боламыз" деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтуде. Форум аясында сондай-ақ, Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді. Форумның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады. Оған, қоса, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық машина жасау, автомобиль терминалын құру меморандумдарына қол қойылу күтілуде.

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер