Елімізде салықтан түскен ақша несиеге берілуі мүмкін - Қазақстан экономикасы|02 Тамыз 2017, 12:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде салықтан түскен ақша несиеге берілуі мүмкін

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Болашақта салықтан түскен қаржы несие түрінде кәсіпорындарға берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жаңа Салық кодексінде салықтық кеңес беру институты, дистанциялық аудит және салықтық несие беруді енгізу қарастырылуда. Яғни кәсіпорын ашылады. Кейін ол пайданы күтеді. Ал болашақта кәсіпорын салық төлейді. Бірақ ол «мұны мен көтере алмауым мүмкін» деп айтады. Осындай жағдайда болашақта салық міндеттемелерде біз жаңа институттың (көмегін – автор) қарастырамыз. Ол – салықтық несие. Яғни ол (кәсіпорын – автор) уақытша салық төлемейді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Руслан Дәленов әкімшілік жұмыстарды жеңілдету бойынша тиісті шаралардың да қолға алынатындығын атап өтті.

«Әкімшілендіру қателіктерден құрылмауы тиіс. Сондықтан салық төлеуге көмектесу қажет. Тексерістердің бір бөлігін аутсорсингке беру керек. Бизнесті бизнес тексергені дұрыс. Қалған салықтық тексерулер үш бағытта болады. Кімде-кім «жасыл» аймаққа түссе, оларды ұмыту қажет. Ал кімде-кім «сары» немесе «қызыл» аймаққа түссе, оларға не көмек қажет немесе оларды тексеру керек», - деп аяқтады ойын бірінші вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер