BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда көлік қымбаттайды – болжам

Фото: dennik.hnonline.sk

Елімізде көлік бағасы 5% қымбаттайды. Мұндай болжамды Қазақстандық автобизнес қоғамдастығының өкілдері (ҚАБҚ) LS порталына айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылы көлік орташа есеппен теңгелей есептегенде 3% және доллармен есептегенде 4% қымбаттады. Жүк көлігінің жекелеген модельдерінің бағасы 15% және жеңіл көліктердің кей моделінің бағасы 5-10% өсті.

«2018 жылы автокөлік нарығы шетелден келетін түрлі модель импортына байланысты болады. Бұл Қазақстанда шығарылмайтын модельдерге де қатысты. Сондай-ақ, автокөлікті құрастыру үшін қажетті локальді өнімдер де әсер етеді», - деп хабарлады ҚАБҚ.

Көлік нарығына доллар мен рубльдің курсы, инфляция мен мұнай бағасы да ықпал етеді.

«Сарапшылар «теңге-доллар» курсын 320-350 теңге деңгейінде болады деп болжап отыр. Сондықтан тұрақты экономика жағдайында автокөліктің нарықтағы бағасы 5%-дан артық қымбаттамайды. Егер экономика дамуында айтарлықтай өзгеріс болып жатса, болжам өзгеруі мүмкін», - деп түсіндірді ҚАБҚ мамандары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер