Қазақстанда қант бағасын өсіруге еш негіз жоқ – ҚР ҰЭМ - Қазақстан экономикасы|25 Шілде 2017, 19:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда қант бағасын өсіруге еш негіз жоқ – ҚР ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі елімізді қант бағасын өсіруге еш негіз жоқ деп есептейді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елімізде жалпы қант сұранысы 500 мың тоннаны құрайды. Қанттың 90%-ы нөлдік баж салығымен импортталатын құрақ қантынан жасалады. Бұл норма елімізде 2019 жылға дейін әрекет етеді. Ал қанттың 10%-ы қызылшадан жасалады. ҚР АШМ импорттық құрақ қантының үлесін азайтуды жоспарлап отыр.
Дегенмен, Үкімет отырысында Қазақстанның Азық-түлік кәсіпорындары одағының вице-президенті Айжан Наурызғалиева, елде қант өндірісінің жағдайы мүшкіл дейді. Ол барлық зауыттар қант қызылшасын өңдей алмайды деген пікір айтты.
Ал ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов биылғы жылғы қант қоры жеткілікті деді.

«Өңірлерде қант қоры бар. Өткен жылы біз жақсы өнімге қол жеткіздік. 500 мың тонна сұраныс жағдайында біз 452 мың тонна қант өндірген болатынбыз. Қалғаны - Молдова, Украинадан импортталған қант. Жалпы айтқанда, республикада қант жетіспеушілігі жоқ», - деп сендірді Құрманов.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов «қант бағасын өсіруге ешқандай негіз жоқ» деп түйіндеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер