Қазақстанда газбен жүретін көліктердің саны 2 есе өскен - Қазақстан экономикасы|13 Қараша 2017, 18:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда газбен жүретін көліктердің саны 2 есе өскен

Биыл сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын автокөліктердің саны 333 мыңға артты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінде өткен брифингте Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің мәліметіне жүгінсек, 2016 жылы Қазақстанда сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын автокөліктердің саны 160 933 болса, 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 333 мыңға өсті. Яғни осы уақыт аралығында, салыстырмалы түрде сұйытылған газды тұтынатын көліктердің саны шамамен 2 есе артқан», - деді ол.

Осы орайда департамент директоры елімізде бір айда қанша мөлшерде сұйытылған газ пайдаланылатынын айтты.

«Қазақстанда бір айда 82-85 мың тонна мөлшерінде сұйытылған газ пайдаланылады. Аталған отынды көп пайдаланатын өңір – Маңғыстау облысы. Бұл өңір 13 500 – 14 500 тонна мөлшерінде сұйытылған газ тұтынады. Жаз айларында сұйытылған газды пайдалану мөлшері өседі, ал қыс айларында азаяды», - деп түйіндеді сөзін Зияш Қияқбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер